Қазіргі таңда онлайн жүйе көптеген қызметті оңайлатты. Бұл ретте «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының маңызы зор. 2022-2025 жылдарға жоспарланған жобаның былтыр алғашқы жылы мәреге жетті. Қарағанды аймағында осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүзеге асты.

Жақында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында ақылды сандық технологияның тың жобасы іске қосылды. Енді бұдан былай тұрғындар коммуналдық ұйымдарға онлайн жүгіне алады. Қарағандылықтар үшін IQALA сайты коммуналдық қызметтерді онлайн ұсынады. Атап айтқанда, жаңа жүйе арқылы үйде отырып-ақ коммуналдық қызмет туралы шарт жасасу, ақы төлеу және басқа да қызметтерді онлайн іске асыруға болады.
Жобаны әзірлеушілер алдағы уақытта порталдың қызмет көрсету ауқымы кеңейе түсетінін алға тартты. Бүгінде порталда 26 қызмет түрі бар. Бұл қызметтер қаладағы ірі монополист үш компания – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Теплотранзит-Қарағанды» ЖШС, «Қарағандыэнерго Саласы» компаниясына тиесілі.
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Рустам Байжановтың айтуынша, аталған порталдың басты міндеті – қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру, қағазбастылықты жою, қызмет берушімен тұтынушының байланысын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы аталған жоба еліміздің бірқатар қаласында қазір сәтті қолданылып жатыр.
– Бірыңғай орталық құру тұтынушылардың монополистермен қарым-қатынасын жеңілдетеді. Тұрғындар уақытын үнемдейді. Барлық өтініш қысқа мерзімде пысықталуға тиіс. Егер жүйеде олқылықтар орын алса, оларды дереу толықтыру қажет. Мейлінше қызметтің көптеген түрі цифрлануға тиіс, – дейді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Жалпы, Қарағанды облысының цифрландыруға қатысты жетістігі біршама. Мәселен, цифрландыру саласында жыл сайын өтетін «IT KPMG Tech Awards» марапаттау салтанатында да мәртебесі тасыды. Дәлірек айтқанда, «GovTech Professional of the Year» («Елді цифрландыруға үлес қосқан жылдың мемлекеттік қызметшісі») номинациясында Қарағанды аймағы «Терриконды алқап» IT-Хаб жобасымен жеңіске жеткені мәлім. Бұған қоса «Қауіпсіз қала» жобасының сәтті іске асып, «Сенім 109» жүйесінің табыстылығын да атап өткен жөн.
Қарағанды
Аймақтар • Бүгін, 23:41
Бизнес • Бүгін, 23:39
Экономика • Бүгін, 23:33
Пікір • Бүгін, 23:31
Оқиға • Бүгін, 23:26
Қоғам • Бүгін, 23:22
Аймақтар • Бүгін, 23:20
Аймақтар • Бүгін, 23:18
Қоғам • Бүгін, 23:16
Қоғам • Бүгін, 23:11
Қазақстан • Бүгін, 23:09
Білім • Бүгін, 23:06
Әскери борыш: Бейбіт күндегі берекесіздік
Қоғам • Бүгін, 23:00
Аймақтар • Бүгін, 22:52
Отандық стартаптың жаһандық қадамы
Технология • Бүгін, 22:46
ТіkTok және мұғалім әдістемесі
Білім • Бүгін, 22:45
Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар
Экономика • Бүгін, 22:42
Технология • Бүгін, 22:39
Жәдігер • Бүгін, 22:34
Актер. Әнші. Сазгер Болат Сыбанов туралы сөз
Театр • Бүгін, 22:30
Өнер • Бүгін, 22:26
Әдебиет • Бүгін, 22:20
Аймақтар • Бүгін, 22:18
Өнер • Бүгін, 22:12
Өнер • Бүгін, 22:09
Жәдігер • Бүгін, 22:06
Теннис • Бүгін, 22:00
Таразда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:55
Юлия Путинцева WTA-250 турнирінің екінші айналымына өте алмады
Спорт • Бүгін, 21:46
Хоккейден Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді
Спорт • Бүгін, 21:30
«Есірткісіз қала»: Астанада такси жүргізушілері флешмоб өткізді
Елорда • Бүгін, 21:22
Спорт • Бүгін, 21:17
Спорт • Бүгін, 21:17
Каспий жағалауындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақ жұмылдырылды
Аймақтар • Бүгін, 21:08
Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 20:49
Ертең екі облыста тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 20:36
Қазақстанда Digital Justice қызметі іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:19
Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді
Қазақстан • Бүгін, 19:52
Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды
Оқиға • Бүгін, 19:34
Лицензия алмаған мектептерге айыппұл салынады
Білім • Бүгін, 19:27
Ұқсас жаңалықтар