Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектерге жәрдемақы төленді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 341 млрд-тан астам теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 99,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектерге жәрдемақы төленді

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 538,6 мың адам, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 189,9 мың адам болды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға өсті.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін – 77 889 теңгені, 2-топ үшін – 62 068 теңгені, 3-топ үшін – 42 190 теңгені құрайды.