Сергей Карякин (Ресей) 33 жаста. Ол – Әлем кубогінің иегері, командалық есепте әлемнің екі дүркін чемпионы. Кезінде 13 жасқа толмай жатып, жер-жаһандағы ең жас гроссмейстер атанды. Соның арқасында Сергейдің есімі Гиннестің рекордтар кітабына энді. 2021 жылы бұл рекордты 12 жастан энді ғана асқан америкалық Абхиманью Мишра жаңартты. 2016 жылы Карякин «Үміткерлер турнирінде» топ жарып, норвегиалық Магнус Карлсенмен әлемдік тәж үшін таласты. Бұл тартыс Скандинавия түбегінен келген саңлақтың жеңісімен аяқталды. Ресейлік шахматшының блиц пен рапидтен әлем чемпионы деген атақтары бар.
Теймур Раджабов (Әзербайжан) 35 жаста. Ол – Әлем кубогінің иегері, командалық есепте Европаның үш дүркін чемпионы. 2014 жылғы әлем чемпионатында Теймур жартылай финалға дейін жетті. 2003 жылы Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен турнирде Руслан Понамарев, Испания Линаресінде Гарри Каспаров және Германияның Дортмундында Вишванатан Анандтан айласын асырды. Сөйтіп, әзербайжандық вундеркиндтің есімі бір жылдың ішінде үш бірдей әлем чемпионын ұтқан төрткүл дүниедегі тұңғыш ойыншы ретінде тарихта қалды. Ол кезде Раджабов небәрі 16 жаста еді.
Александр Грищук (Ресей) 39 жаста. Командалық есепте Дүниежүзілік шахматшылар олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы және төрт дүркін әлем чемпионы. Блицтен әлем біріншілігінде үш рет бас жүлдені олжалады. Төрт рет «Үміткерлер турнирінде» бақ сынған Александр ең үздік нәтижеге 2011 жылы Қазанда қол жеткізді. Солнечная жара ол екінші орынды эншіледі. Татарстанның астанасында ресейлік ойыншы армянық Левон Ароян мен өзінің отандасы Владимир Крамникті қапы қалдырып, финала израильдік Борис Гельфандқа есэ жіберді. 2013, 2018 және 2021 жылдары өткен жарыстарда Грищук алтыншы орыннан аса алмады.
Франсиско Вальехо (Испания) 40 жаста. Өз елінің бес дүркін чемпионы, жастар арасындағы (U-18) әлем біріншілігінің жеңімпазы. Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында төрт рет өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатына екі мәрте қатысты.
Санан Сюгиров (Ресей) 29 жаста. Қалмақияның астанасы – Элистаның тумасы. 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Әлем кубогінде бақ сынады.
Раунак Садхвани (Үндістан) 17 жаста. Ол – командалық есепте Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері. 13 жастан асқан шағында гроссмейстер атанып, бірқатар халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
Владислав Артемьев (Ресей) 24 жаста. Дәл іргеміздегі Омбыда туып-өскен оның командалық есепте әлем чемпионы және Жасөспірімдердің дүниежүзілік олимпиадасының жеңімпазы деген атақтары бар. Еуропа біріншілігінде бас жүлдені қанжығасына байлады. Былтыр Мәскеуде «Шахмат жұлдыздары» турнирінің тұсауы кесілгенде, дәл осы ойыншы теңдессіз деп танылды.
Александра Горячкина (Ресей) 24 жаста. Жекелеген сайыста әлемнің вице-чемпионы, командалық есепте әлем чемпионы. Ресей кубогінің екі дүркін иегері, сол елдің үш дүркін чемпионы.
Екатерина Лагно (Ресей) 33 жаста. Ол – әлемнің вице-чемпионы, Европың екі дүркін чемпионы, командалық есепте әлемнің екі және қарт құрлықтың төрт дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахматшылар олимпиадасыңңңімпазы. Әлемдік додада блицтен үш және рапидтен бір рет дара шықты.
Міне, аталған турнирде біздің Бибісара Асаубаеваға осындай мықты ойыншылармен шеберлік байқасуға тура келеді. Бірақ 18 жастағы қазақ қызы да осалдар санатынан емес. Ол жастайынан жасындай жарқылдап, мектеп оқушылары мен жас өрендер арасында әлем біріншіліктерінде бірнеше мәрте бас жүлдені олжалады. Қатарынан екі рет блицтен әлем чемпионы және рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондықтан да Бибісара Ерханқызы Мәскеуде де өзінің мықтылығын мойындатады деп үміттенеміз.