Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Ақтау теңіз портында 900 мың қорап заңсыз темекі табылды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен (ЭТД) бірлесіп контрабандалық темекі өнімдерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау теңіз портында 900 мың қорап заңсыз темекі табылды

«Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер анықталды. Инспекциялық кешенді пайдалану арқылы тексеруден кейін контейнер ашылды. Ішінен құжаттарға сәйкес «жарық диодты шамдардың» орнына қызметкерлер декларацияланбаған өнім – 866 мың қорап темекіні тапқан.

Темекі бұйымдарының контрабанда фактілерін тексеру үшін тергеу амалдары жүргізілу үстінде, кедендік құн және төленетін кедендік төлемдер мен салықтар белгіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды.