Қоғам • 26 Қаңтар, 2023

Жаңа телеарна көрерменге жол тартты

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі БАҚ жаңа телеарнамен толықты. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Жиында этномәдени бірлестіктердің өкілдері телеарна контенті мен мүмкіндіктерін талқылап, көрермендер сұранысына орай ұсыныстарын білдірді.

Жаңа телеарна көрерменге жол тартты

Жалпы «Ассамблея ТВ» телеарнасы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартты. Ол «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық компаниясының платформасында iD TV кабельдік теледидар пакетінде таратылады, сондай-ақ «TV+» мобильді қосымшасында қолжетімді.

– «Ассамблея ТВ» мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыруда жетекші телеарна болу. Ал басты міндеті этномәдени бірлестіктердің қызметін және этно саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау болып табылады. Телеарна үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Әсіресе этносаралық татулықты нығайтатын мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз, – деді Этносаралық қатынастар комитетінің мүшесі Мейіржан Нұрадинов.

Телеарна эфирінен ҚХА жаңалықтары, мәдени, ойын-сауық бағдарламалары, Қазақстанда тұратын этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары көрсетіледі.

– Телеарна тек орталықтармен шектеліп қоймай ауыл-аймақтарға да таратылып, ондағы тұрғындарға қолжетімді болу керек. Түрлі этнос өкілдері өңірлерде, ауылдарда тұрады. Әрбір ұлттың өз мәдениеті, салт-дәстүрі бар, олар осы арна арқылы насихатталуы қажет, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі Зәкіржан Кузиев.

Сондай-ақ жиында Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Тұрар Саттарқызы арна жұмысына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30