Бұл елдегі халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала.
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі қазақстандық әзірлеушілердің, software және hardware мамандарын біріктіретін, Sergek Group компаниялар тобының өнімі.
Жоба жеке инвестициялар есебінен, экспорттың мемлекеттік бағдарламасын субсидиялаумен, атап айтқанда, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ кредит беруі арқылы іске асырылды, қолдау құралы - экспорттық кредиттерді сақтандыру.
Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған. Зияткерлік жүйе Өзбекстан заңнамасы бойынша сертификаттаудан өтті. 25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді. Қазақстан қалаларындағыдай Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.
Бизнес-жоба ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.
Қазіргі уақытта «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның 8 қаласында жұмыс істейді: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан. Сонымен қатар Sergek Group өнімдерді экспортқа ілгерілету үшін экспорттық стратегияны әзірлеп жатыр. Жақын арадағы мақсат - Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африка аймағының нарықтары.
«Сергек» жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-ның тиісті төмендеуіне әсер етеді. Жүйенің алғашқы жұмыс істей бастаған жылында Астанада жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 43%-ға - 60-тан 34 апатқа ұшыраушыға дейін қысқарды және кейінгі жылдары да сол деңгейде сақталып келеді. Алматыда (2019-2022) - 161-ден 96-ға дейін. Шымкентте (2020-2022) - 76-дан 57-ге дейін. Жүйенің көмегімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды да ашуға болады.