Технология • 31 Қаңтар, 2023

Отандық стартаптың жаһандық қадамы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Болашақтың» түлегі Досжан Жүсіповтің Cerebra медициналық стартапы Дания астанасы Копенгагенде өтетін Global Startup Awards халық­аралық стартаптар конкурсының ақтық кезеңіне қатысады.

Отандық стартаптың жаһандық қадамы

Бұрын оның аталған стартапы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен ТОП-5 қатарына кірген еді. Сондай-ақ Slingshot 2020 нұсқасы бойынша ТОП-500 стартаптың қатарына қосылған болатын.

Cerebra – инсультті дер кезінде анықтауға арналған жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтеріп отыр. Өйткені инсульт Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып саналады. Досжан командасының инновация­лық әзірлемесі дәрігерлерге заманауи технологиялардың көмегімен барынша тез әрі дәл диагноз қоюға көмектесуге арналған.

Досжан Жүсіпов 2016 жылдан бері өзінің жеке стартаптарымен айналысады. Оның алғашқы жобасы Med365 атты қауіпті өндірістер мен көлік жұмысшыларының медициналық тексеруден өтуін автоматтандыру жүйесі болды.