Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Жаңа көліктер табысталды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұқым қазақ үшін қасиетті Қарқаралыда денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірнеше көлік кілті тапсырылды. Атап айтқанда, Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне екі шағын автобус сатып алынды.

Жаңа көліктер табысталды

– Ауданды дамытуға байланысты жоспарларымыз көп. Соның ішінде ден­саулық сақтауға да қатысты. Мем­­лекеттік бағдарлама бойынша ауыл­­дық елді мекендерде 20 меди­ци­налық ұйым салуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ мәдениет және спорт қызметкерлерінің проблемалары мен қажеттіліктері ұмыт қалмайды. Біртіндеп шешімін табады, – дейді Қарқаралы ауданы әкімі Ерлан Құсайын.

Жедел жәрдем көліктерінің бірі аудандық орталық ауруханаға, екін­шісі Егіндібұлақ ауылына бұйырды.

– Жаңа жедел жәрдем көліктері заманауи талаптарға сай. Аурухана көліктері тозған еді. Бұл көліктердің қызмет еткеніне жиырма жыл болған, – дейді Қарқаралы ауданы орталық аудандық аурухана директоры Дәурен Сейтпанов.

Келесі жедел жәрдем көлігі Егінді­бұлақтағы бұқараға қызмет етеді. Егіндібұлақта жедел жәрдем бөлім­шесі, он төсекті күндізгі стационар­лы дәрігерлік амбулатория бар.

Ал ендігі жерде шығармашылық ұжымдар, спортшылар байқауларға табаны тозып жаяу бармайды. Оларды су жаңа ыңғайлы шағын автобустар жеткізеді.

 

Қарағанды облысы,

Қарақаралы ауданы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше