Медицина • 03 Ақпан, 2023

Медицина саласындағы ынтымақтастық

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтан­ғазиев Куба Республикасының Қазақстандағы елшісі Оскар Сантана Леон мырзамен кездесті.

Медицина саласындағы ынтымақтастық

Бірінші вице-министр кубалық дип­ломатты құттықтап, елдеріміздің ара­сындағы ынтымақтастықты ны­ғай­ту­ға қызығушылық танытқаны үшін риза­шылығын білдірді. Ол 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақ­тау» ұлттық жобасын іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары туралы айтып берді.

Сонымен қатар Т.Сұлтанғазиев өт­кен жыл­дың қараша айында халыққа меди­ци­­налық көмектің уақтылы көрсе­тілуін, қол­жетімділігін, сапасы мен са­бақ­тас­ты­ғын қамтамасыз етуге арнал­ған бірың­­ғай әлеуметтік бағдарлан­ған жүйені қалып­­тас­ты­ру мақсатында Қазақстанның денсаулық сақ­тау саласын дамытудың 2026 жылға де­йінгі тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті.

Өз кезегінде Куба елшісі елінің жет­­­кілікті кадрлық әлеуетін атап өтіп, ден­саулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың маңыз­ды­лығына тоқталды.

«Куба Республикасында 497 мың медицина қызметкері немесе арал мем­лекетінің еңбекке қабілетті халқының 6,8%-ы бар. Медицина қызметкерлері­нің саны бойынша Куба әлемде бірінші орында, мұнда 10 мың тұрғынға 92 дә­рі­гер келеді. Кубалықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 78 жасқа жетті және осы көрсеткіш бойынша Куба Республикасы – әлемде 39-орында», деді Оскар Сантана Леон мырза.

Оның айтуынша, кубалық дәрігер­лер дамушы елдерде ғана емес, Ита­лия­­­да, Қатарда және басқаларында әріптестік келісімдердің негізінде ондаған мем­­лекеттің денсаулық сақтау жүйе­­­ле­­­­рін­де жұмыс істейді және көмекте­седі.

Кездесу барысында тараптар Қазақ­станда кубалық дәрілік препараттар­ды тіркеу, Кубаның медициналық меке­ме­лерінде қазақстандық азаматтарды емдеу, Кубаның медицина уни­вер­си­тет­терінде қазақстандық студенттерді оқы­ту, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақ­тауға байланысты бірлескен ғылыми іс-ша­раларға қатысу мәселелерін тал­қылады.

Кубалық тарап бірқатар бағыт бо­йынша Қазақстанның Денсаулық сақ­тау ми­нис­трлігімен одан әрі жемісті ын­ты­мақтастықты жалғауға дайын екенін білдірді.