Әлем • 07 Ақпан, 2023

Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Хатай провинциясының жағалауында 4,4 балдық жер сілкінісі  болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабар таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 04:29-да тіркелді. Жер сілкінісі Жерорта теңізінің жағалауында Түркияның Сириямен шекарасында орналасқан Яладага ауданынан 50,7 шақырым жерде болды. Зілзаланың ошағы 44,17 км тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ Түркияның орталық бөлігінде 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер Астана уақытымен сағат 09:13-те тіркелді. Эпицентрі Гельбашы ауданынан 5 шақырым жерде болса, ошағы 2 шақырым тереңдікте жатты.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында Сирияның бірнеше провинцияларына әсер еткен бірқатар жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 7-ден асты.