Сайлау • 07 Ақпан, 2023

Ринат Зайытов Мәжіліс депутаты кандитаттығына ұсынылды

765 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AMANAT» партиясы Ринат Зайытовты Мәжіліс депутаты кандитаттарының тізіміне қосты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ринат Зайытов Мәжіліс депутаты кандитаттығына ұсынылды

Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Ол - қазақтың суырып-салма айтыскері, драмалық актер, филолог.

М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын меңгерген.

Ол 2001-2008 жылдар аралығында аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы атанған. Ал 2008-2010 жылдар аралығында республикалық айтыстардың жеңімпазы болған.

Ринат Зайытов - Аягөз ауданының құрметті азаматы, «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.