«Бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Атап айтқанда, Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда - 189 адам бар. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жүр. Түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін», деді Айбек Смадияров.
Соңғы мәлімет бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан асады. 20 мыңнан аса адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ