Әлем • 08 Ақпан, 2023

Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексика үйінділердің астында қалып қойған адамдарды іздеуге көмектесу үшін Түркияға әйгілі құтқарушы иттерін жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді

Кеше Мехикодан  Түркияға бортында 16 иті бар ұшақ ұшты.

Құтқарушы иттер 2017 жылы Мексидағы жер сілкінісі кезінде адамдардың өмірін сақтап қалған. Олардың ішінде Фрида 12 адамды құтқарып, 40 мәйітті тапқаннан кейін Мексикадағы ең танымал құтқарушы ит атанған.  

Мексикалық шенеуніктердің айтуынша, олардың міндеті – адам өмірін құтқару. Иттер үйіндінің астында қалып қойғандарды иісін сезу арқылы табуға көмектеседі.

Сонымен қатар Мексикада табиғи апаттар кезінде көмекке жиі жіберілетін жоғары мамандандырылған азаматтық және әскери командалар да қоса жіберілді.

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше