Өнер • 08 Ақпан, 2023

Моцарттану

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық филармониясының симфониялық оркестрі «Моцартиана» моноконцертін ұсынды. Әуезді кеш Аустрияның ұлы композиторы Вольфганг Амадей Моцарттың шығармаларына арналған.

Моцарттану

Кеш бағдарламасында композитордың алуан түрлі шығармалары – «Фигароның үйлену тойы» операсына увер­тюра, ор­кестрмен вал­торнаға ар­нал­ған №3 кон­церті және «Юпи­тер» №41 сим­фониясы бар.

«Фигароның үйлену тойы» шығармасымен Мо­царттан асқан керемет же­тістікке ешкім қол жет­кізген емес. Театр лық толы болды, көптеген нөмірді қайталауға тура келді, сон­дықтан опера екі есе ұзағырақ ойналды, ал келушілер Моцарт шы­ғар­маларына қошемет көр­сетуді тоқтат­па­ды», дей­ді операға келген кө­рермен.

1786 жылғы тұсау­ке­сер­ден бастап «Фигаро­ның үйлену тойы» әуен­дері көп­шіліктің сүйіспенші­лігіне бөленген еді. Жалпы, Мо­царттың шы­ғар­ма­шы­лығы басқа да Вена классиктерінің мұра­ларымен бірге валторна музыкасы да­муының шарықтау ш­егіне жетті. Оркестрмен вал­тор­на­­ға арнал­ған №3 кон­церт – компози­тордың жеке ас­пап­тың мәнерлі мүм­кін­дікт­ерін дамытып, байыт­қан жау­һар туындысы.

Кештің жеке орындаушысы – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, симфониялық оркестрдің бас дирижері Қалқаман Дүй­сембаев. Симфониялық ор­кестрдің көркемдік же­тек­шісі – халықаралық және рес­публикалық бай­қау­­лар­дың лауреаты Әділ Бес­тем­беков, бас дирижер – Қал­қаман Дүйсембаев.