Синоптиктердің мәліметінше, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында өте қатты жел соғады, екпіні 30 м/с. Республикада тұман күтіледі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, тек түнде шығыста 17-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде күннің соңына қарай ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Күндіз ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градусқа дейін көтеріледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.