Белгілі болғандай, барлығы шұғыл түрде мектеп ғимаратынан көшеге шығарылған. Эвакуация кезінде түсірілген видео әлеуметтік желілердегі парақшаларға тарап кеткен.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 13 ақпанда таңертең № 34 орта мектептің директоры полицияға хабарласып, мектептің электронды поштасына мектепте «снаряд» бары туралы хабарлама келгенін айтқан.
«Оқиға орнына барлық қызметтер жіберілді. Ғимарат тексерілді. 1115 адам, оның ішінде 950 оқушы эвакуацияланды. Сондай-ақ № 35 орта мектептен 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылғыш заттар бойынша мамандар ғимараттардан күдікті және жарылғыш құрылғылар таппады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ҚР ІІМ Telegram-каналында.