Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Серік Шалхаров өңірде мал ұрлығы дерегін ашумен айналысатын арнайы топтар құрылғанын айтты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйғыр, Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Қонаев қаласында мал ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі таңда оларға мал ұрлығының 7 дерегі бойынша айып тағылып отыр.
«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бірнеше ауданда мал ұрлаған 1993, 1984 және 1983 жылы туған ер адамдарды ұстады. Оларға 16 бас ірі қара мен екі жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр», деді полиция полковнигі Серік Шалхаров.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша соталды тергеу басталды.