Қазақстан • 17 Ақпан, 2023

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінді

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Жиын соңында Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.