«Қаланың табиғатты қорғау мамандандырылған прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына кіру билетіне тариф белгілеуде бұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық қадағалау актісіне сай, азаматтардың Ботаника бағына кіру тарифі 103 теңге төмендетілді», делінген хабарламада.
Енді Ботаника бағына кіру құны ересектерге 850 теңге, студенттерге 685 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 503 теңге болмақ.