Ипотека шарттары:
- Бастапқы жарна – 30%;
- Пайыздық мөлшерлемесі – алғашқы үш жылда 7-10%, кейін 3,5% болады;
- Пәтерді тек бастапқы нарықтан немесе салынып жатқан тұрғын үйден үлесті қатысу арқылы алуға болады;
- Несие сомасы – 90 миллион теңгеге дейін;
- Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Егер үй әлі салынып жатқан болса, қосымша кепіл ретінде басқа пәтерді қою қажет. Оның құны ипотека сомасының кемінде 70 пайызын жабуға тиіс және салынған мерзімі кірпіш үй болса – 60 жылдан, панельдік үй болса, 50 жылдан аспауы керек. Ол қарыз алушының немесе кепілгердің атында болуы мүмкін. Үй дайын болғанда, сатып алып жатқан пәтерді кепілге қоюға болады.
Егер қарыз алушыда депозит болмаса, ол 3 жыл бойы тұрғын үйдің барлық құнына аралық несие (7-10%) төлейді. Салымдағы жинақ пәтер құнының 50 пайызына жеткенде, мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендейді.
Әзірге бағдарламаға тек 6 құрылыс компаниясы қатысып жатыр.