Министр атап өткендей, бұл мәселелер мұқият зерделенетін болады. Салық саясатын жетілдіру бойынша ҰЭМ қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлатуға және цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ кәсіпкерлер индустриялық аймақты одан әрі дамытуға және инфрақұрылымды жүргізуге жәрдемдесуді сұрады. Бұдан бөлек қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, ЖСҚ-ға (жобалау-сметалық құжаттама) түзетулер енгізу, керамика өндірісін кеңейту үшін жеңілдетілген несиелеу, кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий бойынша мәселелер көтерілді.
«Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Ескірген және негізсіз нормативтік талаптарды қысқарту, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың барлық салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар 2024 жылдан бастап «таза парақтан» реттеуді толыққанды іске қосу пысықталып жатыр», деді Ә.Қуантыров.
Ол көтерілген барлық мәселелер мен айтылған ұсыныстар бойынша министрліктің ұстанымын жеткізіп, ҰЭМ-ның құзыретіне кірмейтін мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын айтты.