Білім • 27 Ақпан, 2023

Дохадағы кездесу

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің оқушылары Қатар мемлекетінде өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» жастар конференциясына қа­тыс­ты. Мұнда әлемдегі мәдени һәм экономикалық өз­герістерге қазақ балалары өз ойларын қосып, өзара пікір алмасты.

Дохадағы кездесу

Дохадағы Джорджтаун уни­­­верситетінде өткен «Жа­һандық қа­уіпсіздік: өткеннің сабақ­тары» атты іс-ша­раға 15 елден келген 500-ден ас­там жас қатысты. Олар БҰҰ дип­ломаттарының рө­ліне еніп, әлем­дегі ең өзекті қа­уіп­сіздік мәсе­лелерін шешу жол­дарын талқылады.

Қазақстан командасының құрамына Талдықорған қала­сындағы Назарбаев зият­кер­­лік мектебінің алты оқу­шы­сы кірді. Конференция нәти­жесінде 11-сынып оқу­шы­лары Максим Сурин мен Да­ниал Шокобалинов MUN Бас хатшысы және халық­аралық тарих бойынша аға маман Бенджамин Курианның, сондай-ақ GU-Q білім беруді дамыту жөніндегі менеджері Джибин Кошидің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

– Мен DISEC коми­те­тінде Оңтүстік Корея делегациясының атынан қа­тыс­тым. Мә­­дени мұраны қор­­ғау, әлем­­­де болып жат­қан нақ­ты жағ­­дай­ларды тал­дау, сон­дай-ақ әйелдер мен адам­дар­дың басқа да топ­тарының құ­­­­қық­тарын қорғау та­қы­­рып­­тарын талқыладық. Осы конфе­ренция арқылы көп­теген талант­ты пікір­­са­йыс­­шы­лармен та­ныс­тым, со­ны­мен қатар жа­һандық про­б­лемаларға өзімнің сыни көз­­қарасымды айта алдым, – дейді М.Сурин.

Ал Даниал Шокобалинов конференцияда жинақтаған тәжірибе, алдағы мақсат­та­ры­на мұрындық боларын жасырмады.

–  Әрине, бұл конферен­ция­ға қатысу – үлкен тәжірибе. Тал­қылау барысында өзекті мә­­селелерді тарихи тұр­­ғы­дан қа­растырдық, өйт­кені өт­­­кен­нен сабақ алып және қа­зір­гі сценарий­лер­ге қол­да­ну­ға болатын дү­ние көп. Әр­қай­сы­мыз шығар­машы­лықпен ай­налысуға, кедергілерге қар­сы тұруға, өз дағды­ла­рымызды қол­дануға және ке­ңейтуге ты­рыстық, – дейді Да­ниал.

 

Жетісу облысы