Қазақ театры өнерінің классикасына айналған «Абай» алғаш сахналанған сәтінен бастап түрлі нұсқада қойылды. Өзгермейтін, тек ақынның рухы ғана сияқты. Бұл, әрине, туындының авторлары – Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди мен Мұхтар Әуезовтің шеберлігінен болар.
Спектакльдің қоюшы-дирижері – маэстро Алан Бөрібаев, режиссері Джанкарло Дель Монако. Қойылымға италиялық сценограф-суретші Эцио Фриджерио мен костюмер Франка Скуарчапино да жұмыс істеді.
«Елімізде театр өнері жоғары бағалануы керек. Өткен аптада Түркістан облысының шалғай ауданына (Жетісайға) барғанда Құрманбек Жандарбеков атындағы жергілікті драма театрға соқтым. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аталған театрды қаржыландыру мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ шығармашылық ұжым гастрольдік сапарларға шығатын болды. Театр өнерінің дамуын қолдай отырып, біз дұрыс бағытта қозғалатынымызға сенімдімін», деді министр.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған спектакль екі күн бойы көрсетілді.