Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Қызметкерлердің жалақысынан бірыңғай төлем қалай есептеледі?

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілер жалақыдан стандартты салық салудың орнына бірыңғай төлем төлей алады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қызметкерлердің жалақысынан бірыңғай төлем қалай есептеледі?

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер жалақыдан стандартты салық салудың орнына бірыңғай төлем төлей алады», делінген Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бірыңғай төлемге: қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.

2023 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 20%  құрайды. Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі.

Бірыңғай төлемнің есептелген сомасы қолданылатын салық салу режиміне байланысты 200.00, 910.00 және 920.00 нысанды декларацияларда көрсетіледі.

Бірыңғай төлемді төлеу ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының шотына есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Ол кейіннен бюджетке және тиісті қорларға төлемдерді бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді.