Теннис • 01 Наурыз, 2023

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP турнирінің бірінші айналымын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ерлер арасындағы отандық көшбасшы болгариялық Александр Лазаровпен (301 ATP) ойнаған. Бублик бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші ойында 1:0 есебімен болгариялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Екінші айналымда Александр US Open 2021 чемпионы ресейлік Даниил Медведевпен (7 ATP) ойнайды.