Елорда • 02 Наурыз, 2023

19 наурызда елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 наурызда елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады

Қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион сапар жасады.

Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүруді пайдаланады.