Теннис • 02 Наурыз, 2023

Анна Данилина BeeTV 40 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 women's» сериясының турнирінде екі разрядта жартылай финалистер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина BeeTV 40 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Жарыстың алғашқы дуэті - қазақстандық Анна Данилина мен Ирина Шиманович (Беларусь) ширек финалда екі сетте Таиландтан келген Луксика Кумхум мен Пеангтарн Плипукті 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Енді Қазақстан-Беларусь дуэті Нидерландыдан келген жұп Ясмин Гимбрере мен Бибиана Схоофспен финалға жолдама алу үшін кездеседі.

 

Матчтардың тікелей көрсетілімін Qazsport және Insport телеарналарынан көруге болады.