Жоба • 02 Наурыз, 2023

«Ана жаулығы» жобасы

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғыс айту күні қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Әйел және өнер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Ана жаулығы» жобасы

Алқалы жиынға Е.Рахмадиев атын­­дағы МАФ көркемдік жетекшісі  Гүлмира Құттыбадамова, Ұлттық дель­фий ко­митетінің директоры Құра­лай Түс­пе­кова, суретші, куратор, галерист Лейла Махат, филармонияның бас редакторы Зарина Мұхамедәлі, шығармашылық ұжым же­текшілері Арайлым Рахым, Роза Шотқалиева, сондай-ақ Айгүл Қо­са­нова, Жанар Жүсіпова, Саида Қа­лы­қова, Алтыншаш Мұқатаева сынды өнер майталмандары қатысты.

Кездесу барысында еліміздің мә­­дениеті мен өнерін дамытудағы әйел­дердің рөлі туралы баяндамалар оқы­лып, пікір алмасты. Дөңгелек үс­тел әйел­дердің шы­ғар­ма­шылық бас­тама­сының символына айналатын, қаты­сушыларды біріктіріп, оларды «Ана жаулығы» атты ха­лықаралық мәдени-танымдық жо­баның бір бөлігіне айналдыратын перфомансты қамтиды.

Айта кетейік, суретші Лейла Махат әлемді карантин шарпыған кезде «Ана жаулығы» халықаралық жобасына бас­тамашы болған еді. Бүгін де бұл идея өзектілігін жоғалтқан жоқ.

«Әр мәдениеттің ұлттық киімі бар, әр ұлттық киімде костюм элементі және әйел, ана болудың символы – ора­мал болады. «Ақ орамал – қазақ хал­қы салт-дәстүрінің киелі атрибуты. Ақ түс ана сүтін, тазалықты, әдеп­тілікті білдіретін қасиетті ма­ғы­наға ие. Көптеген қазақ отбасында мұра болып қалған кимешек жә­дігер ретінде сақталады», дейді Лей­ла Махат.