Сауд Арабиясының Джидда қаласында педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы сол елдің ІІМ хабарлады.
«Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін сондай-ақ оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды», деді ведомство өкілі.
Сот оны өлім жазасына кескен. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.