Ұлттық банк еуро бағамын 460,06 теңгеге, рубльді – 5,75 теңгеге, Қытай юані – 62,46 теңгеге белгіленді.
Айырбастау пункттерінде долларды 438-442 теңгеден, еуроны 468-474 теңгеден, ресей рублін – 5,65 - 5,9 теңгеден сатып алады/сатады.
7 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың орташа бағасы да қымбаттады. Мәселен, мамыр айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,29%-ға, барреліне 86,43 долларға дейін, сәуір айындағы WTI фьючерстері 0,26%-ға, 80,67 долларға дейін өсті.