Өнер • 09 Наурыз, 2023

Күріш қауызынан жасалған көрпеше

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр бойындағы алқаптарда әр күзде жүздеген тонна күріш қауызы өртеледі. Сондай сәттерде экологиясы онсыз да нашар аймақты көк түтін басып кеткендей көрінетіні бар. Қоршаған орта мен адам саулығына зиян болғанымен де қалдықтан құтылудың басқа жолы әлі табылмай келеді.

Күріш қауызынан жасалған көрпеше

Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда университетінің сту­денттері ешкімге қажетсіз сол қауыздан көрпеше жасап шы­ғарыпты. Олардың айтуынша, «Active Seat»көрпешесі ден­саулыққа пайдалы болмақ.

– Қазіргі уақытта адамдар уақытының көбін отырып жұмыс істеумен өткі­зе­ді. Қимыл-қозғалыстың аз­ды­­ғынан түрлі аурулардың да пайда болатыны белгілі. «Active Seat» жобасы осының алдын алуға сеп болады деген ойдамыз, – деді «Enactus Korkyt Ata university» командасының капитаны Темірлан Әбжанов.

Алдағы уақытта стартап­шылар экологиялық және әлеуметтік жобалар байқау­ларына қатыспақ. Сонымен қатар «Active Seat» жоба­сын «Enactus Kazakhstan Na­tio­nal Expo» студенттік кә­сіп­­кер­ліктің, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубогі байқауына ұсыну ойда бар.

Университетте студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту, тың идеяларға қол­дау көрсету мақсатында кә­сіп­керлік орталығы жұ­мыс істейді. Осыған дейін ор­талықта «Startup Bolashak. Me­niń armanym» жобасы, «Zhas project» бағдарламасы, «HackDay» және «Smart city Kyzylorda» хакатондары және басқа іс-шаралар ұйым­дас­тырылды. Бес жыл ішінде

7 мың­нан астам жасқа бағыт-бағдар берілген орталықтан 89 резидент-түлек шығып, жалпы 70 млн теңгеге жуық қаржы тартылды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА