Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады.
«Осылайша, «Түрікменстан» әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады», делінген хабарламада.
Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.