Әлем • 12 Наурыз, 2023

Сауд Арабиясы мұнайдан рекордтық табыс тапты

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиядағы ірі мұнай өндіруші Aramco компаниясы 2022 жылы 161,1 миллиард доллар рекордтық пайда тапқанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауд Арабиясы мұнайдан рекордтық табыс тапты

Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік компания үшін 46,5 пайызға жоғары көрсеткіш. Яғни сұраныс артқан. Бұл  бағаның өсуіне де ықпал етті.

Бағаның өсуіне тағы бір себеп - 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға  басып кіруі. 

Сонымен қатар Aramco компаниясы осы жылдың бірінші тоқсанында  19,5 миллиард доллар дивиденд төлейтінін атап өтті.

Ал Американдық Exxon Mobil компаниясы мұнай өндірісінен 55,7 миллиард доллар, Британдық Shell компаниясы 39,9 миллиард доллар табыс тапқан.