Спорт • 12 Наурыз, 2023

Үш ойын ірі есеппен аяқталды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-лига­сының екінші туры аясында өткен жеті ойынның үшеуінде ірі есеп тіркелді.

Үш ойын ірі есеппен аяқталды

«Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдады. Есеп – 5:1. Бұл голдардың авторлары – Әлібек Қасым (26 минут, пенальтиден), Максим Самородов (41), Самородов (45+3, пенальтиден), Идрис Умаев (75) және Ескендір Қыбырбай (88). «Шахтер»  Астанада «Ордабасыдан» 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Алғашқы үш голды Гафуржан Сүйімбаев (3), Асхат Тағыберген (59) және Мамаду Мбодж (67) соқты. 71-минутта Айдос Тәттібаев есеп айырмашылығын қысқартқанымен, бәсекенің аяқталуына шамамен 10 минуттай уақыт қалғанда Шохбоз Омаров матчтың соңғы нүктесін қойды. «Қайрат» сырт алаңда «Ақсудан» 3:1 есебімен айласын асырды. Алматылықтар сапынан Артур Шушеначев (39), Жоао Пауло (75) және Еркебұлан Сейдахмет (88) мергендік танытса, ақсулықтар арасынан Мирас Тұрлыбек (82) нысананы дәл көздеді.

Ал қалған кездесулер мынадай нәтиже­лермен аяқталды: «Каспий» – «Тобыл» 0:1, «Атырау» – «Қайсар» 2:1, «Қызылжар» – «Мақтаарал» 1:0 және «Жетісу» – «Астана» 0:2.