Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингте 90-орында тұрған америкалық Денис Кудламен өткізді.
Матч қорытындысы бойынша Бублик 7:6 (11:9), 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 2 сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында Александр Бублик 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 93-ракеткасы, қытайлық Чжи-Чжень Чжан немесе рейтингте 130-сатыда тұрған аустралиялық Ринки Хиджикатаның біреуімен бақ сынасады.