Әлем • 20 Наурыз, 2023

Си Цзиньпин Мәскеуге барды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Си Цзиньпин Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Си Цзиньпин Мәскеуге барды

Қытай президентінің ұшағы Мәскеудің Внуково-2 әуежайына қонды. Келіссөздер сейсенбі күні басталады. Бірақ олар дүйсенбіде бейресми тілдесті.

«Путин мен Си Цзиньпин арасында тікелей және өте маңызды байланыс болады», деді Кремль өкілі Дмитрий Песков.

Айта кетейік, кеше кешкісін Қытайдың «Жэньминь жибао» газетінде Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды. Дәл сол уақытта Қытай президенті Си Цзиньпиннің де Мәскеу мен Пекин арасындағы байланыс, Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы мақаласы жарық көрді.