Сенат • 10 Наурыз, 2023

Жыл жақсылығымен келсін!

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшасында барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, Қоян жылы тек жақсылығымен келсін деген тілегін жолдады.

Жыл жақсылығымен келсін!

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Терең­нен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсы­лық пен жасампаздыққа ұмтылудың ныша­ны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнін­де ұлттық құндылықтарымыз төрге шы­ғып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.

Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арт­тырып, ынтымағын нығайтатын, ұр­пақ­ты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер.

Осындай тағылымы зор, өнегесі мол мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! Әз Наурыздағы ақжарма тілектер қабыл болсын! Жыл жақсылығымен келсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!», деп жазылған құттықтауда.