Құқық • 27 Наурыз, 2023

Жертөледе жасалған спирт өнімдерінің зардабы ауыр

272 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қолдан арақ-шарап өнімін жасап, сату барлық өңірде кездеседі. Кез келген қалада құқық қорғау органдары жасырын цехтарды әшкерелеп жатады. Әсіресе спирт өнімдерін пластикалық бөтелкелерге құятын осындай алкоделдалдар елдің денсаулығына да, экономикаға да ерекше қауіп төндіруде. Ал талап бойынша сырадан басқа барлық алкогольді пластикалық контейнерлерге құюға тыйым салынған. Себебі пластик пен алкоголь бір-бірімен әрекеттесетіндіктен, адам денсаулығына аса улы қосылыстар түзеді.

Жертөледе жасалған спирт өнімдерінің зардабы ауыр

«Ең қауіптісі – метил спир­ті бар контрафакт алкоголь. Ал метанолы бар бір­ ста­қан адам өмірін қиюы мүмкін. Метанол бү­кіл денеге тез таралады­ және жасушаларда ең ауыр у – формалин түзі­леді. Мұндай ішімдікті ұрт­­таған адам әлсіреп, басы айна­лып, ентігіп, көз алдында­ жарқыл пайда болады, есінен танады. Осы аралықта адам миы қалпына келместей зақымданады. Бұл ахуал кем дегенде соқырлық, ауыр неврологиялық асқы­нуларға душар етеді. Ең ауы­ры – ажал құштырады», дей­ді «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.

Дерек бойынша Алматы, Шым­кент қалалары мен Түр­­кіс­тан облысында­ жертөле цехтары жиі кез­деседі екен. Қаржы мони­торингі агенттігі бұл аймақ­тарда миллиондаған бөтелке контрафактілік алко­голь тәркіленгенін раста­ды. Осы уақытқа дейін дүкен­ сөрелеріне қаншама заң­сыз­ өнім түскенін нақты анық­­тау қиын. По­ли­ция тарат­­қан ақпараттарда қазір Пет­ропавл, Семей, Қара­ғанды, Қос­та­най, Өске­мен, Атырау, Абай, Маң­ғыстау және Солтүстік Қазақ­стан облыстарында заң­сыз алко­гольдік өнімдер әш­ке­ре­л­­е­ніп жатқаны жиі айтыла­ды.­ Тәр­­тіп сақшылары күмән­ді биз­нес үшін бірнеше мил­лион тең­ге көлемінде айып­пұл салынатынын ескер­тіп отыр.

Былтыр республикада­ заң­сыз жұмыс істеген 187 ал­ко­голь өнімін сатушы әш­­кере болды. Тексеріс ке­з­ін­де полицейлер 783 мың­ литр­ге жуық алкоголь өні­мін тәркіледі, ал оған­ қоса кон­трабандалық теме­­кі өнім­дерінің 2,7 млн қора­бы анық­талды. Айта кету­ керек, мемлекеттік ор­ган­дар ша­ғын­ және мик­робизнесті тек­серуге мора­торий жа­рия­­лағанына қара­мастан, егер­ субъектінің қыз­меті ха­­­лықтың өмірі мен ден­сау­лы­­­ғына тікелей қауіп төн­ді­рер­­ болса, ШОБ-ты тексере алады.

Сарапшылардың пікі­рін­ше, әсіресе заңсыз, жал­ған өнім жасауға әбден әккі­лен­гендер оны түпнұсқа тауар­дан айнытпай жасауға қол­ үйреткен. Дегенмен жұрт­ контрафактіге тап болмауы бірнеше қарапайым ере­жені есте сақтауы керек. Біріншіден, ешқандай жағ­дай­да алкогольді лицензиясы жоқ­ адамнан сатып алмаңыз, әлеу­меттік желілерде де алко­голь сатып алудан аулақ болы­ңыз. Әрқашан тауардың құны­на назар аударыңыз, өйткені мысалы, көлемі 0,5 л­ арақ заң бойынша 1000 тең­геден кем емес, ал коньяк 1500 теңгеден төмен баға­ға сатылмайды. Айта кетейік, елімізде күшті алко­гольге ең төменгі бөлшек сау­да бағасы белгіленген. Егер сусындардың құны жо­ғарыда көрсетілген көр­сеткіштерден төмен болса,­ онда оның жалған өнім болу ықтималдығы 100%-ға тең деген сөз. Алкогольдің сапа­сын тексерудің тағы бір тиімді әдісі – E-SAPA қосым­ша­сындағы акциздерді бақы­лау: өнімнің атауы, беріктігі және басқа мәліметтер қо­сым­­шаның ақпаратында да,­ бөтел­кенің өзінде де сәй­кес келуі керек. Анық сы­зылмаған штрих-код та тауар­дың жалған алкоголь өнімі екендігінің бір белгісі.

Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақ­стан­да заңды алкоголь өндірісі де артып­ ке­леді. Былтыр бұл көр­сет­кіш екі есе өскен. Алайда тұты­ну деңгейі өз орнын­да. Сарапшылардың пікі­рінше, бұл үрдіс – арақ биз­не­сінің көлеңкеден шыға бас­тағанының белгісі. Акциз­де­летін өнімнің айналымын бақы­лаудың нәтижесі көріне бас­тады деген сөз. 2022 жылы бюджетке түсетін түсі­м­­­­нің өсу қарқыны 1,6 есе­ге ұл­ғайды. Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің хабарына қара­ғанда, қазына 757,3 млрд тең­геге толықты, бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 288,8 млрд теңгеге артық.

Жалпы, сарапшылар «эли­­талық» арзан өнімді сатып­ алғандағы үнемді емес,­ оның салдары қандай бола­рын ойлау маңызды екенін ескертеді.

 

АЛМАТЫ