Аймақтар • 29 Наурыз, 2023

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы көз жұмды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан шахтада жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы көз жұмды

Оқиға мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында болған. Бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеген ер адамның денесі табылды.

«Оның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, құрамына компания мамандары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Оқиғаның анық-қанығын сол комиссия анықтайды», деді KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.