Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру көлігі жұмылдырылғанын хабарлады. Күшті түтінге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері жұмыс істеді. Жағдайды бейнебақылау камералары бақылап отырды.
Өрт 08:38-де локализацияланып, 08:47-де жойылғаны хабарланды. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Өртті сөндіруге 41 адам, 15 техника жұмылдырылды.