Ауа райы • 31 Наурыз, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады», делінген синоптиктер хабарламасында.

Болжам бойынша, Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-25 м дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз болады.

Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста - 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.