Саясат • 03 Сәуір, 2023

Қазақстан мұнай өндірісін қысқартады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ОПЕК+ мемлекеттерімен бірге 2023 жылдың мамырынан бастап мұнай өндірісін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мұнай өндірісін қысқартады

Мамыр айынан бастап Қазақстан мұнай өндірісін қысқартады. Ведомство мәліметінше, өндірісті қысқарту осы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде, елімізде тәулігіне 78 мың баррель мұнай өндіріледі. Бастама ОПЕК-ке мүше басқа елдермен бірге жүзеге асырылады.

Бұл қысқарту ұйымның былтыр қазанда өткен 33-министрлік кездесуінде қабылданған шешімге қосымша ескерту шарасы. Алайда ерікті бастама бюджетке және Ұлттық қорға түсетін қаражат көлеміне теріс әсер ететіні анық.