Тағайындау • 03 Сәуір, 2023

Ерұлан Жамаубаев бұрынғы қызметінде қалды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерұлан Жамаубаев бұрынғы қызметінде қалды

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылдың мамыр айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

2022 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі.