Астана қаласының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды. 2012 жылғы 11 сәуірде өткізілген «Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау мақсатында Астана қаласының прокуратурасы жан-жақты тексерістер жүргізді.
Мемлекет басшысының жоғарыда көрсетілген тапсырмаларын орындау үшін Астана қаласы прокурорының өкімімен қала прокуратурасы органдары мен жергілікті атқарушы органдарының басшылары және жауапты қызметкерлер қатарынан жоғарыда көрсетілген тексерулерді жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Осы тексеру шеңберінде игерілмеген жер телімдерін анықтау және мемлекет меншігіне оларды қайтару бойынша шараларды қабылдауға ерекше назар бөлінді. Сонымен, қала прокуратурасы кадастрлық құны 909,6 млрд.теңге ауданы 15,3 мың гектар 828 игерілмеген жер телімін анықтады. Оның ішінен 129 жер телімі (ауданы 4,8 мың га, кадастрлық құны 394,3 млрд.теңге) мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 67 жер иелері (ауданы 2,1 мың га, кадастрлық құны 132,2 млрд.теңге) өз жер телімдерін игеруге кірісті. Бұл осы бағытта жүргізілген жұмыстардың сөзсіз оң нәтижесі болып табылады.
Қалған жер телімдері бойынша, яғни оларды игеруге бақылау жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде, оларды мақсатты қолданбаған жағдайда мемлекет меншігіне қайтаруға шаралар қабылданатын болады. Мысалы, тексеру барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (21 жер телімі, ауданы 5 940 га, кадастрлық құны 272 801 374 097 теңге) «Маман специалист» АҚ жеке тұлғалары М.Б.Бейсембаевтың (1 жер телімі, ауданы 299,1 га, кадастрлық құны теңгемен), К.С.Бейсеновтың (1 жер телімі, ауданы 128,0 га, кадастрлық құны теңгемен), М.Жақыпбековтің (1 жер телімі, ауданы 39,4 га, кадастрлық құны 1 316 748 000 теңге) заңсыз иелену бойынша 3 фактісі анықталды.
Прокуратура органдары жоғарыда көрсетілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз енгізді, ол қазіргі күні қанағаттандырылды және кадастрлық құны 275 млрд. теңге тұратын жалпы ауданы 6 367 га 24 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.