«Құрметті Астана әуежайының жолаушылары мен қонақтары! Т1 терминалының шатырынан су кету салдарынан болған кемшіліктерді жою бойынша кепілдік міндеттемелерін орындау шеңберінде «Mabco Constructions SA» құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады.
Осыған байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», деп ескертеді әуе айлағының әкімшілігінен.