Тортаев Бауыржан Қадірұлы 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
1991-1995 ж.ж. – коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.
1996-1997 ж.ж. – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;
1997-1998 ж.ж. – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;
1998-1999 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;
1999-2002 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;
2002-2008 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;
2008-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2010-2011 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2011-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2017-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында болған еді.