Білім • 06 Сәуір, 2023

Жамбыл облысында 200-ден астам мұғалім заңсыз жалақы алып отырған

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында 200-ден астам мұғалім 24 миллион теңге көлемінде заңсыз жалақы алған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жамбыл облысында 200-ден астам мұғалім заңсыз жалақы алып отырған

Заңсыз жалақы аудару фактілері Жамбыл облысының 6 бірдей ауданынан анықталып отыр. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігі Байзақ ауданында тіркелген. Ондағы 26 мектептің 30-ға жуық мұғалімі өткізбеген дәрістері үшін 11 миллион 200 мың теңге жалақы алған. Нәтижесінде, осы іске қатысы бар 253 білім саласының қызметкері жауапкершілікке тартылды.

«50-ден аса мектеп директоры, 6 аудандық білім бөлімінің басшысы, 100-ден аса мектеп директорының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, 24 миллион теңге бюджетке кері қайтарылды», деп нақтылады облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.