Саясат • 07 Сәуір, 2023

Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбекті қабылдады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысына қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің нысандары (ССС-3, газ жылу станциялары, ЖЭО-3, т.б.) және мектеп, медициналық орталық, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй секілді әлеуметтік нысандар құрылысының барысы, сондай-ақ апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және абаттандыру жұмыстары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.