Инвестиция • 11 Сәуір, 2023

Шетелдік инвестиция: рекордтық көлем

375 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл – 2021 жылғы көрсеткіштен (23,8 млрд доллар) 17,7%-ға артық. Сондай-ақ бұл – кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд болған.

Шетелдік инвестиция: рекордтық көлем

Осылайша, Үкімет пен өңір­лер әкімдіктері жұмысының нә­тижесінде, өткен жылы Ин­вес­тициялық саясат тұжы­рым­дамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3%-ға асыра орындалды. Негізгі жоспар 24 млрд доллар бо­латын.

Республикаға тартылған ин­вестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерлан­д – 8,33 млрд доллар (өсім – 19,7%), АҚШ – 5,1 млрд доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 млрд доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 млрд доллар (+46%), Ресей – 1,52 млрд доллар (-19,7%), Оң­түстік Корея – 1,48 млрд дол­лар (+84,8%), Қытай – 1,43 млрд доллар (-22,5%), Франция – 770,2 млн доллар (+27,4%), Ұлы­британия – 661 млн доллар (-35,7%) және Германия – 469,5 млн доллар (+45,4%).

Инвестициялар ең көп тар­тылған салалар: тау-кен өнер­кәсібі – 12,1 млрд доллар (+25%), өңдеу өнеркәсібі – 5,6 млрд доллар (+3%), көтерме және бөлшек сауда – 5,08 млрд доллар (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,1 млрд доллар (өсім – 2,1 есе), көлік және қоймалау – 1,1 млрд доллар (+14%), құрылыс – 698 млн доллар (-3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – 650 млн доллар (-60%), электрмен жабдықтау және газ беру – 635,6 млн доллар (өсім – 2,8 есе) және т.б.

Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса бел­сен­ділік танытып отырған өңір­лер: Атырау облысы – 8,2 млрд дол­лар (+48%), Алматы – 7,57 млрд доллар (+11%), Астана – 2,25 млрд доллар (өсім – 2 есе), ШҚО – 2,2 млрд доллар (+3%), БҚО – 1,12 млрд доллар (+7%), Ал­маты облысы – 698,2 млн дол­лар (+47%), Ақмола облысы – 376,3 млн доллар (өсім – 6,3 есе), Қызылорда облысы – 336,5 млн доллар (+36%), СҚО – 105,7 млн доллар (өсім – 3 есе) және Жам­был облысы – 62 млн доллар (өсім – 3 есе).