Әзербайжан президентінің Астанаға сапары өзге де халықаралық байланыстардың қасында – екі көшбасшының да барлық келісімді логикалық тұрғыда соңына дейін жеткізуге деген ниетінің тікелей нәтижесі. Геосаяси жағдай тұрғысында түбегейлі мәні бар кемінде үш бағыт бар: мұнай тасымалдау, Каспий табанында байланыстың талшықты-оптикалық желісін төсеу және бірінші кезекте инфляциялық қысымды төмендету үшін тауар экспорты мен импортындағы ынтымақтастық. Бұл жобалардың бәрінің экзистенциалдық сипаты бар. Олар өңірдегі экономикалық серіктесімізге бұрын-соңды болмаған санкциялар қысымының жағдайында маңызды логистикалық және ақпараттық арналарды әртараптандыру үшін қажет. Осы ретте түркі ренессансы идеологиялық құбылыс ретінде тарих сахнасына қайта шықты деуге негіз бар.
Еліміздің Еуразияның ірі ойыншылары – Қытай, Ресей және ЕО-мен өзара қарым-қатынас сапалы деңгейде қалыптасқан. Бұған өткен жылы көз жеткіздік. Бұл біз үшін сыртқы саясатымыздағы Түркі елдерінің байланысын қалыпқа келтірудің бастауы болды.
Никита ШАТАЛОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты